Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдырды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдырды. Себебі инфляцияның баяулағанына қарамастан, бағаның жалпы өсімі әлі де сақталып тұр. Қымбатшылыққа тағы не себеп? Ұлттық банктың базалық мөлшерлемеге қатысты алдағы жоспары қандай?
Қазан айында жылдық инфляция 12,6 пайыз болды. Әсіресе тұрмыстық заттар мен азық-түлік бағасы шарықтап барады. Себебі халық сатып алатын тауар көлемі өндірушілердің мүмкіндігінен көп. Ұсыныс сұранысқа ілеспеген сайын - баға көтеріледі. Еліміздегі тауардың басым бөлігі сырттан келетіні белгілі. Ал жанармай мен тасымалдау тарифтері өскендіктен импорттық өнімдер де қымбаттаған.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
Шешім ішкі және сыртқы ортаны, инфляциялық және экономикалық процесстерді ескере отырып қабылданды. АҚШ пен Еуропа әлі де қатаң ақша-несие саясатын ұстап отыр. Ресейде де инфляция жоғары болып тұр. Ұлттық Банк инфляция мен ішкі сұранысты қадағалайды. Қазір мөлшерлемені төмендетуге болмайды, ал баға тұрақтамаса, оны қайта көтеруіміз де мүмкін.Ұлттық банк алдағы жарты жылда мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік болмайтынын қазірден айтып отыр. Инфляцияны төмендету үшін қатаң ақша-кредит саясатын әлі де біраз уақыт сақтау қажет дейді. Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жасап шыққан Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігі экономиканы тұрақтандыру үшін өзара күш біріктірмек
Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары:
Біздің мақсат инфляцияны 5 процентке дейін төмендету. Сондықтан біз қатаң саясатты ұстана береміз. Себебі инфляцины төмендету бүгінгі таңда басты міндет.Инфляцияға қатысты халықтың өз болжамы да бұған әсер етеді,-дейді мамандар. Егер жұрт алдағы уақытта бәрі қымбаттайды деп күтсе, бизнесте алдын-ала бағаны көтеруге бейім болады. Экономистер мұны өзі растайтын фактор деп атайтын көрінеді. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2026 жылы қаңтар айының соңында жарияланады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07