Air Astana мен Fly Arystan әуе рейстері кестеге сай ұшып жатыр
Airbus авиакомпаниясы – A320 маркалы ұшақтарын жедел жөндеу үшін жаппай қайтарып жатыр. Оған ұшақтардың борттық басқару жүйесіндегі ақау себеп. Салдарынан әлем бойынша әуе кестесі өзгеріп, жолаушыларға ыңғайсыздық тудыруда. Алматы мен Астана әуежайларында да, өткен түннен бері «FlyArystan» және «Air Astana» ұшақтарының кестесі бұзылды. Ресми мәліметке сай, Airbus берген нұсқаулық салдарынан әрқайсысының 7-і рейсі кейінге шегеріліп, 4,5 сағатқа кешіккен. Бүгінде қазақстандық авиакомпаниялардың ұшақ паркінде 38 Airbus әуе кемесі бар. Оның 5-уі жаңартуды қажет етпейді. Астана халықаралық әуежайы қазіргі уақытта барлық қызметтердің қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын және рейстердің кесте бойынша ұшырылып жатқанын хабарлады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00