Көрші елдегі қандастар төл өнерімізді насихаттап жүр
Өзбекстандағы қандастарымыздың арасында қазақтың қол өнерін насихаттау кең таралған. Үлкендер жағы жастарды ұлттық құндылықтарды ұмытпауға үндеп отырады. Көрші елде тұрып жатқан қандастарымыздың тұрмыс- тіршілігі жайлы келесі бейнематериалда.
Зейнеткер Рахатай Жанықұлова он саусағынан өнері тамған шебер. Үйінде бос отырмай қазақтың ұлттық қол өнерін дамытуға атсалысып жүр. Оюлы құрақ көрпешелер, той жасауы мен қазақы нақыштағы киімдер тігуді қолға алған.
Рахатай апаның айтуынша, бұл өнерді әжесінен үйренген. Бала күнімнен қасынан қалмай жүріп, үлкен кісінің жасаған дүниелеріне тамсанып, тәлім алдым дейді
Рахатай Жанықұлова, шебер:
Әртүрлі алашаларды күзеуін байлап беретін, менің әжем. Киіздің ішіне қазақша ою салатын, сол әжемнен осы өнер дарыды деп ойлаймын.«Еңбек- бәрін де жеңбек» деген ұранды берік ұстанған кейіпкеріміз дәл осы тігіншілік өнерінің арқасында шағын кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр.
Рахатай Жанықұлов, шебер:
Қазақтың салт- дәстүрін, ұлттық киімдерін, көрпешелерін бесікке салар салттың жасауын барлығын қазақша жасауға ұмтылып жатырмыз. Сұраныс жоғары, қызығушылар күннен күнге көбейіп жатыр.Ташкент облысында қазақтар қоныстанған ауылдар өте көп. Мұндағы ағайын ұлтымыздың салт -дәстүрін берік ұстанады. Үлкендер жағы өскелең ұрпақты әрдайым ұлттық құндылықтармен сусындатып келеді. Балалар ана тілінде сөйлеп, қазақ мектептерінде білім алады.
Серікбай Үсенов, Республикалық қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы:
Ертеңгі жас ұрпаққа мұғалімдер, қазақ тілі әдебиеті пәнін оқытатын маман даярлау мақсатымыз. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Жастар тәрбиесінде не кемшілігі болса, біз соларды орнын толтыруға мүмкіншілік жасалған.Қандастарымыздың басты ұраны бірлік пен татулық. Бауырлас екі елдің арасындағы ынтымақ ажырамасын дейді олар.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20