Өзбекстанда қуаңшылық қатты алаңдатып отыр
Өзбекстанда халық мешіттерге жиналып, жаңбыр жаудыратын дұға оқып, құрбандық шалды. Елдегі мұсылмандар діни басқармасының хабарлауынша, ұзаққа созылған күзгі құрғақшылық пен жауын-шашынның болмауынан осындай шешім қабылданған. Биылғы қуаңшылық Орталық Азия елдерін қатты алаңдатуда. Экономикалық жағынан ғана емес, экологиялық тұрғыдан да зардабы орасан болып отыр. Мәселен, Өзбекстанда көктемнен бері бір тамшы жаңбыр жаумады. Ауаның шектен тыс ластануына құрғақшылық, шаң- тозаңның көптігі де өз әсерін тигізген. Жағдайды сәл де болса жеңілдету мақсатында коммуналдық қызмет өкілдері арнайы көліктермен шахар көшелеріне су шашуға кіріскен. Ал синоптиктер апта соңына қарай жаңбыр жаууы ықтимал деген болжамымен бөлісті.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17