Оралдағы құрылыс нысандарынан жүздей заңбұзушылық анықталды
Оралда құрылыс нысандарында 90-нан аса заңбұзушылық анықталды. Төрт ғимаратты бұзуға сот шешімі шықты. Мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасы басшысының мәліметінше, мекемеге азаматтардан 911 өтініш түскен. Көпшілігі заңсыз құрылыс салу, нысанның қала құрылысы талабына сәйкес келмеуі және үлескерлердің құқығына қатысты шағымдар. Оның негізінде 73 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. 136 әкімшілік іс қозғалып, 33 миллион теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ рұқсат құжаттары жоқ 4 ғимаратқа сот шешімі шыққан. Енді сол тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар бұзылады.
Әлібек Антазиев, БҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:
Барлық 4 ғимарат заңсыз салынған. Бір де бір құжаттары болған жоқ. Басында АПЗ-мен құжаттары, эскиз келісімі берілген. Бірақ тексеріс кезінде заңсыз берілгені анықталып, тоқтатылды. Сот шешімі бар.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17