Енді МӘМС-ті төлемегендерге несие берілмеуі мүмкін
Енді МӘМС-ті төлемегендерге несие берілмеуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге қарыз алушылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегін ескеруді міндеттеді. Құжатта көрсетілгендей, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаннан бері біршама азаматтың төлем бойынша қарыздары жиналып қалған. Егер клиенттің МӘМС бойынша берешегі болса, бұл оның несие қабілеттілігін бағалауда қосымша қауіп ретінде қарастырылады. Яғни, көрсеткіш нашар несие тарихы немесе қарыз жүктемесінің жоғары болуымен бір деңгейде есептеледі. Дегенмен жаңа норма тек ірі несиелерге – шамамен 10 млн теңгеден жоғары сомаларға қатысты болады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04