Елімізде ЖИ-ге қатысты заң бұзғандар жауапқа тартылады
Дипфейктер мен таңбалаудың жоқтығы үшін жауапкершілікке тартыласыз. Елімізде бекітілген жасанды жадты қолдануға қатысты заңдар пакеті аясында, нейрондық желілер жасаған контентті міндетті түрде арнайы белгілеу қажет. Бұл талаптар жүйе иелеріне ғана емес, қарапайым пайдаланушыларға да қатысты. Дәлірек айтсақ, ЖИ жүйесі шығарған синтетикалық контент туралы ақпарат бермегендер, жалған, тыйым салынған немесе дискриминациялық материалдар жасаған немесе таратқандар, ЖИ-ді қолдану арқылы біреуге зиянын тигізгендер айыппұл төлейді. Оның көлемі жеке тұлғалар үшін 64 875 теңге, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 86 500 теңге. Орта және ірі бизнес өкілдері 100 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл арқалайды. Заң бұзушылық қайталанса айыппұл сомасы өсе береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы