Өзбекстанда онлайн несие рәсімдейтін алаяқтар көбейген
Өзбекстанда да бөгде адамның атына онлайн несие рәсімдеу деректері жиі кездеседі. Сонымен қатар «ақшаңды жылдам көбейте аласың» деген сарындағы хабарландыруға алданып, қаражатын алаяққа өз қолымен беретіндер көп. Мұндай әрекеттен сақтанудың жолдары жайлы тұрғындарға үнемі мағлұмат беріліп тұрады. Жуырда ішкі істер министрлігі «Кибермәдениетті көтеру» жобасын қолға алды. Оның аясында азаматтар цифрлық қауіпсіздік негіздерімен танысады. Жеке деректерін құпия сақтауға, банк карталарын дұрыс пайдалануға үйренеді. Полицейлердің сөзінше, кез келген тұтынушының жалған веб-сайттар мен хабарламаларды бірден танып, алаяқтардың ісі екенін ажырата білуі маңызды.
Жамолиддин Носимов, Ташкент қалалық ІІББ
өкілі:
Пысықайлар көбіне банк картасын және мобильді құрылғыны бақылауға алады. Зиянды сілтеме немесе бағдарлама жібереді. Кейбірі банктік шоттарды басқару үшін SMS-кодты пайдаланады. Осыны азаматтар үнемі қаперде ұстап, күмәнді сілтемелерге өтуден сақ болғаны абзал. Тұрғындарға «алданбаңыздар, тегін ірімшік тек қақпанда болады» дегіміз келеді.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17