Ташкент айналасында да «Жасыл белдеу» пайда болады
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласының айналасында болашақта «Жасыл белдеу» пайда болады. Біздің елде де Астана маңындағы аймақтарды абаттандыру жобасы саналатын «Жасыл белдеу» бар. Бұл жазда ыстықтан, қыста желден қорғайтын, қаланың климатын өзгертуге жасалған қадам. Енді осы тәжірибені көрші ел шаҺарға кіретін шаң-тозаңды тоқтатып, экологияны жақсарту үшін қолға алғалы отыр. Қазір күзгі көгалдандыруға басымдық берілуде. Климаты жұмсақ өңірде ағаш көшеттерін отырғызу әлі де жалғасып жатыр. Сондай-ақ жасыл желектің цифрлық картасы жасалып, арнайы реестр құрылған. Осы арқылы заңсыз ағаш кесудің алдын алуға мүмкіндік болады.
Азизбек Хакимов, мемлекеттік орман қожалығының директоры:
Орман шаруашылығын дамыту ісінде өзара тәжірибе алмасу бойынша көрші елдермен келісім жасалған. Оның ішінде Қазақстанмен де бірлесе атқаратын жобаларымыз бар. Биылдың өзінде 10 мың гектардан астам қосымша орман алқаптары пайда болып ағаштар егілді.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28