Қызылорда мектептері мен колледждері экосабақ өткізді
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектептер мен оқу орындарында қосымша эко сабақтар өтіп жатыр. Сондай тағылымдық дәріс Исатай Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық жоғары колледжінде өтті. Жалпы колледж ұжымы мемлекет басшысының бастамасын қолдап, экологиялық акцияға белсенді атсалысып келеді. Жастардың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны күтіп ұстау бағытында эколог маман дәріс беріп, студенттерге озық елдердің тәжірибесін таныстырды. «Мұндай танымдық сабақтар білім алушыларға ой салады» дейді оқытушылар.
Анар Ашалимова, оқытушы:
Оқу жылының басынан бері апта сайын сенбілікке шығамыз. Ауламызды, қоршаған ортамызды тазалаймыз. Студенттеріміз бір қуантарлық жағдай, көшеде жатқан, болмаса басқа жерде жатқан қоқысты көрсе, көтеріп қоқыс жәшігіне салады.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06