Енді бет-жүзін толық жапқан кез келген адам жауапкершілікке тартылады
Енді бет-жүзін толық жапқан кез келген адам жауапкершілікке тартылады. Яғни, түрін адам танымастай жасырғандар заң алдында жауап береді. Бірінші оларға ескерту жасалады. Ескертуді елемей, екінші рет тәртіпке бағынбаса, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бүгін Мәжілісте әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске осыған қатысты жаңа бап енігізу туралы заң жобасы қаралды. Яғни, қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешектерді кию туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа бап енгізіледі.
Үнзила Шапақ, Мәжіліс депутаты:
Тек көзін қалдырып, басқасын жауып тастаған болса, осы жағдайда қарастырылады. Маска кигендерге, белгілі бір қорғаныш шлем киген азаматтарға немесе аула тазалаушы азаматтар жүреді ғой, мысалы, бетін күннен қорғау мақсатында жауып алған жамылғылары болады. Бұларға қатысы жоқ. Бет-әлпетін жауып тастау, адам танымастай болу – ол ниқаб деп аталады екен. Біздің айтып тұрғанымыз ниқаб. Ниқаб болмайды.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00