Ұлытау облысының бюджеті 20 пайызға артты
Ұлытау облысына берілетін субвенция Назарбаев университетінің жылдық бюджетімен бірдей. Яғни, 59 млрд теңге. Бұл сома келер жылы 60 млрд теңгеге ұлғаяды. Бүгін халыққа есеп берген облыс әкімі осылай деді. Дастан Рыспековтың айтуынша, жыл басынан бері өңір экономикасының қарқын алуына байланысты облыс бюджетінің кірісі 20%-ға артып, 178 млрд теңге болды. Бұл былтырмен салыстырғанда 30 млрд теңгеге көп. Биылғы жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім 1 трлн теңгеге жеткен. Жан басына шаққанда көрсеткіш 4,6 млн теңге болды. Аймақ ел бойынша үшінші орында тұр. Құрылғанына 3 жыл болған жаңа облыс үшін бұл жақсы көрсеткіш. Десе де, аймақ кірістерінің 70 проценті бір ғана салаға, тау-кен өнідірісіне тәуелді. Сондықтан алдағы уақытта экономиканы әртараптандыру жоспарланып отыр.
Бір ғана салаға тәуелді. Оның ішінде бір ғана кәсіпорынға тәуелді, өкінішке қарай. Болашақта бізде жоспар бар. Біріншіден, ауыл шаруашылығы, екіншіден, көлік-логистика. Жолдардың құрылысы біткеннен кейін бізде көлік-логистика саласы дамиды деген жоспарларымыз бар. Үшінші бағыт – туризм.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы