Өзбекстанда жарылыс болып, 3 адам көз жұмды
Өзбекстанда дәмханалардың бірінде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты. Тағы 30-ға жуық тұрғын күйік шалып ауруханаға жеткізілген.15 адам жансақтау бөлімінде жатыр, олардың бесеуінің жағдайы өте ауыр. Алдын ала мәліметке қарағанда Гүлстан шахарындағы базардың ортасында орналасқан дәмханада газ баллоны жарылған. Артынша өрт шығып, сол маңда жүрген адамдар зардап шеккен. Оқиға түс кезінде, адамдар көп жиналған орында болған. Күйік шалғандардың арасында аяғы ауыр екі әйел бар. Олар шұғыл түрде ана мен бала орталығына жеткізілді. Оқыс жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Үкіметтік комиссия құрылып, оқиғаның себебін анықтап жатыр.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17