Қызылорда облысында егіс көлемі су лимитіне қарай белгіленеді
Қызылорда облысында келер жылы егіс көлемі су лимитіне қарай белгіленеді. Ол үшін сала мамандары мен шаруалардан арнайы топ құрылады. Бүгін Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев осы мәселеге қатысты өңірде жиын өткізді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі аймақтағы шаруаларға келесі жылы су тапшы болатынын осы бастан ескертті. Сондықтан келер маусымда күріш секілді мол суды қажет ететін дақылдардан бас тартып, егіс көлемін біршама қысқартуға тура келеді. Дегенмен Үкімет су үнемдеу технологияларын қолданған диқандарға берілетін субсидияның үлесін 85 пайызға дейін ұлғайтып, егінді әр тараптандыруға басымдық бермек.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Қазақстанда 500 мыңнан астам гектар тамшылату және жаңбырлату технологиясы енгізілген. Сыр бойында 5 мың гектар. Бірақ Сыр елі бұл жақта су ең қиын жағдайда. Келесі жылы да осындай қиын жағдай болуы мүмкін. Сондықтан осыған назар аудару керек.«Ауыл аманаты»: 275 өнеркәсіп кешені ашылды
Қанат Бозымбаев сондай-ақ жаңадан ашылған шағын өнеркәсіптік кешеннің жұмысымен танысты. Мұнда азық-түлік өнімдерін шығаратын 8 өндірістік цех іске қосылып, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы, облыста «Ауыл аманаты» бағдарламасы сәтті жүзеге асып, ауыл-аймақта кәсіп бастаған тұрғындардың үлесі артып келеді.
Ардақ Зебешов, облыс әкімінің орынбасары:
275 жаңа өнеркәсіп ашылды. 60 жылыжай ашылды. 10 жаңа типтік құс фермалары ашылды. Бүгінгі күнге дейін 1110 адам жұмыс орнын ашты.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06