Астанада ұстаздар арасында алғаш рет Bridge hub өтті
Астанада алғаш рет ұстаздар арасында Bridge hub
өтті. Яғни мектеп директорлары мен әдіскерлері заманауи цифрландыру үрдісін,
жаңа тәсілдер мен практикалық шешімдерді талқылауға жиналды. Орта мектеп пен
Жоғары білім арасындағы байланысты нығайтуды көздейтін шараны Мақсұт Нәрікбаев
университеті ұйымдастырды. Қалалық хабта 2 сессия өтті. Біріншісінде «мектеп
пен университет сабақтастығы» жан-жақты талданса, екінші сессияда «оқу
үдерісіне жасанды интелектіні интеграциялау», «кибербуллингтен сақтанып, жеке
деректерді қорғау» сынды тақырыптар қамтылды. Барлығы 70-ке жуық мектептің
өкілдері қатысты.
Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:
Қазір біз дайын жауаптар әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Осы барлық жауаптар бар уақытта біз баланы қалай қызықтыра аламыз? Қалай оны ынталандырамыз? Үй жұмысын баяғыдай «2+2 = неше» деген үй жұмыстарын бере алмаймыз. Өйткені chat gpt, gimini-мен бірден жауабын тауып алады. Сондықтан біз не істеуіміз керек? Осы сұрақ өте маңызды болып тұр. Оған қоса киберқауіпсіздік мәселесі ол тағы бар.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02