«Жас Сарбаз» қозғалысының құрамы 286 мыңға жетті
Биыл «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының 500-ден аса түлегі әскери оқу орындарына қабылданды. Бұл туралы ұйымның жиында айтылды. Жалпы бүгінде «Жас сарбаздың» құрамында 300 мыңға жуық адам бар. Көпшілігі мектеп оқушылары мен студенттер болса, 4 мыңдайы әскери қызметші. Кейінгі 7 жылда олардың қатысуымен 1 жарым миллионнан астам әскери-патриоттық іс-шара өткен.
Тілеухан Басқожаев, Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы:
Биыл өздеріңізге мәлім, 16-шілдеде Президет заң қабылдады, әскери жастардың тәрбиесі жайлы. Одан бізге біраз оңтайлы өзгеріс келді. Біраздан бері талқыланып жүрген алғашқы әскери дайындық сабағы 36 сағатқа дейін қысқарып кетіп еді, қазір сол 96 сағатқа өзгеріп жатыр.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17