Ақмолалық кәсіпкер биологиялық қалдықтарды тыңайтқыш пен газға айналдырды
Ақмолалық кәсіпкер Бақытжан Мәметханұлы биологиялық қалдықтардан органикалық тыңайтқыш пен биогаз өндіріп отыр. Бүгінде оның технологиясы отандық инновация ретінде мойындалып, құрастырған ұтымды биореакторын патенттеп алды.
Бақытжан Мәметханұлы өзі ұстап отырған 40 бас ірі қара малдың қиынан егістікке
қажет тыңайтқыштың 3 түрін шығарып отыр. Экологиялық таза өнім химияға әбден
уланған топырақтың құнарлығын арттыруда таптырмайтын құрал, - дейді кәсіпкер.
Сұраныс жоғары болғандықтан, қазір шағын зауыттың қуатын екі есеге арттырмақ. Бақытжан
Мәметханұлы, кәсіпкер:
Биыл өте көп сұраныс болды. Жеттіре алмадым, өйткені бұл құрылғы өзінің процестері бар, уақыттары бар, сол арқылы бізде шағын ғана болды да, бізде 90-ақ кубтық қазіргі реакторлардың жағдайы. Үлгере алмадым. Енді міне, сол себептен де 120 кубты қосып отырмыз. Оның сұранысы үнемі болады.
Кәсіпкер анаэробты биореакторды құрастыру үшін 2-3 жыл ізденген. Сөйтіп өз
қолымен қолжетімді моделін құрастырып, оны патенттеп алады.
- Өте қымбат техниканы сызбасын шығарып әр қазақ қолдан жасап алатындай ғып, патент жасадым.
Бүгінде кәсіпкерге еліміздің әр өңірінен, тіпті Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан
сияқты шетелдерден ағайындар келіп, тың технологияны үйреніп жүр.
Жансерік Қайрат, Моңғолия азаматы:
Біздің жақта хит ол кісі. Ол кісімен хабарласып, жақсы үйреніп қалдым деп ойлаймын. Келгеніме 20 күннен асып бара жатыр. Удобрение шығаратын биореактор, тыңайтқыш барлығын жақсы жағынан үйреніп жатырмын.
Сәлімжан Қанафин, Қорғаложын ауданының тұрғыны:
Қорғалжыннан келдім. Біздің шаруашылықта малдарымыз бар. Өнімін далаға төгіп жатырмыз неше жылдан бері. Мына кісіні әлеуметтік желіден көріп, мынадай дүние жасап жатқаннан кейін, қызығып, біз де сондай үлкен реакторларды қойып, істеп, жасап жатырмыз. Бірақ әлі де істеген нәрсені көзбен көріп кетейік, тағы да жетіспейтін жерлері болса, сұрайық деп. Көмектесем, әр қазағым байысын деп жатыр.
Бақытжан Мәметханұлы органикалық өнім шығару барысында қалдықсыз технологияны
ұтымды пайдаланып, күніне 40-60 текше метр биогаз да өндіреді. Бұл шаруашылығын
жылумен және электр энергиясымен қамтуға жетеді. Ал биореактордың
қуатын екі есе ұлғайтқан соң табиғи газ, өзі тұратын ауылды электр жарығымен және
жылумен қамтуға жетеді, - дейді кәсіпкер.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20