Қысқы олимпиада алауы Грекиядан Италияға жеткізілді
Келесі жылы өтетін Ақ Олимпиаданың алауы Грекиядан Италия астанасына жеткізілді. Ертең Римде эстафета басталып, ол екі айға созылады. Осы уақыт ішінде алау елдің 20 аймағынан өтіп, 12 мың шақырымды артқа тастауы керек. Жалпы алғанда эстафетаға 10 мыңнан астам факел ұстаушы қатысады.
Тағы бір айта кететін жайт, Миланда Қысқы Олимпиада 2026 жылы ақпанның 6-да басталып, ақпанның 22-де аяқталады.
Айта кетейік, дәл осы Миланда өтетін қысқы Олимпиадаға әзірге Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанау бойынша Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың баратыны белгілі.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00