Салық есебін ұсынбағаны үшін айыппұл төлемейтін болды
Салық есептілігінің нысандары 30%-ға қысқарды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі айтты. Сондай-ақ көлік құралдарына салынатын салық бойынша есеп пен декларация ұсыну алынып тасталды. Есептеу жол полициясы органдарының дерегі бойынша жүргізіледі.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
Сонымен қатар, салық есептілігін ұсынбағаны үшін айыппұл салудан бас тартылды. Бұл әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің нормаларында бекітілген. Егер, мысалы, салық төлеуші есептілікті ұсынуды ұмытып кетсе, айыппұл салынбайды – бұл жағдай нөлдік есеп берілген деп қарастырылады. Кейін салық төлеуші өзі есептік кезең бойынша нақты кірістерін декларациялай алады.
Сондай-ақ салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіру тәсілдері қалай өзгергені туралы
айтылды. Бұған дейін ол 6 АЕК немесе шамамен 24 мың теңге болған жағдайда
өндірілген. Сол себепті кейде азамат зейнетақы жарнасының 100 теңгесін төлеуді
ұмытып кетсе, оның шоттары бұғатталатын. Бұл 200 мыңнан астам салық төлеушінің
қызметіне кері әсерін тигізді. Енді берешек сомасына қарай тәсілдер қайта
қаралды. Енді салық қарызы 20 АЕК-ке жетпесе, алдымен ескерту беріледі. Егер ол
өтелмесе, шотыңыз бұғатталады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03