Қостанай облысында түлкінің адамға шапқан 21 дерек тіркелді
Биыл Қостанай облысында адамға түлкі шапқаны туралы 21 дерек тіркелді. Көрсеткіш әлдеқайда артқан, мысалы, былтыр осы кезең аралығында тек бір адам зардап шеккен еді. Тіпті ауыл ішіне кіріп, қорадағы мал мен құсты қырып кетіп жатыр. Облыстық Ветеринария басқармасының дерегінше, құтырмаға қатысты 12 жағдай анықталды. Мамандар ауру тарататын жабайы жануарлардың дені қарсақ пен түлкі болуы мүмкін дейді. Сондықтан сақтық шараларын естен шығармаған жөн.
Әсел Бекмұхамедова, облыстық Санэпидемиологиялық бақылау департаменті аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы:
Құтырма – өте қауіпті жұқпалы ауру. Ол адамға жануар тістеп, тырнап алған жағдайда және сілекей арқылы жұғуы мүмкін. Бүгінде екпе – аурудың алдын алудың жалғыз жолы. Сондықтан дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Ауру жұқтырған жабайы жануарды көрсеңіз, барынша қашық арақашықтық сақтаған жөн.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17