Астанада Несіпбек Айтұлын еске алу кеші өтті
Елордада өлең өлкесінің өрісін кеңейтіп, қазақ руханиятына қалтқысыз қызмет еткен қаламгер Несіпбек Айтұлын еске алу кеші болды. Биыл ақынның туғанына – 75 жыл. Осыған орай «Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды. Байқауға елдің түкпір-түкпірінен 100-ден аса шығарма келіп түскен. Соның ішінен бас бәйге Серік Ақсұңқарұлы мен Мұрат Шаймаранға бұйырды. Әдеби кеште ақынмен қанаттас қаламгерлер сөз алып, естеліктерін айтты.
Дәулеткерей Кәпұлы, ақын:
Несіпбек поээзиясында азаттықты жырлауда, халықтың кешегі кер заманда кеткен кегін жырлауда, намысын қайрауда бабалар рухын оятуда бір кісідей қомақты олжа салған ақын. Несіпбек Айтұлы кешегі бабаның да, бүгінгі баланың да тілін тапқан ақын.
Мұрат Шаймаран, ақын:
Қазақтың эпикалық жанры бар ғой. Соған жан бітіріп жіберген ақын бұл кісі. Нес-аға осы жанрды өте биікке көтере білген ақын. Аудармалары қандай керемет? Әнге мәтін жазса да, Нес-ағаңның әндері классикалық үлгі болып шығады.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04