Басты Жаңалықтар Президент БҰҰ-ның экологияны қорғауға қатысты бастамаларын қолдауға шақырды

Президент БҰҰ-ның экологияны қорғауға қатысты бастамаларын қолдауға шақырды

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының орнықты даму мақсаттарына орай халықаралық еріктілер жылын жариялау сессиясына үндеу жолдады. Президенттің айтуынша, бұл бастама – еріктілердің рөлін арттырып, олардың ұлттық және жаһандық прогреске қосатын үлесін еселеуге бағытталған ортақ ұмтылысымызды көрсетеді. Қазақстан осы ұсынысты халықаралық серіктестермен бірлесіп көтергенін атап өтті. Қазіргідей күрделі кезеңде еріктілер адам өмірін сақтап, қиындыққа тап болған жандарға көмек көрсетуде, қоғамдағы сенім мен бірлікті нығайтуда маңызды жұмыс атқарып келеді. Президент Қазақстан да еріктілер қозғалысы қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналған жеткізді. Соның бір дәлелі ретінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын мысалға келтірді. Бұл жоба Ұйымның орнықты даму саласындағы жаһандық бастамаларымен үндеседі деді.

Бөлісу