Түркістан облысында төбелеске қатысқан басшы лауазымынан босатылды
Түркістан облысында Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы көшеде ерегісіп, соңы төбелеске ұласқан.
Бұл кадрлар әлеуметтік желіде кеңінен тарап кеткен. Мемлекеттік қызмет істері департаменті қоғамдық резонанс тудырған осы бейнежазбаға байланысты тиісті қызметтік тексеріс жүргізді. Шенеуніктің іс әрекетін өңірлік Әдеп жөніндегі кеңесте талқылап, арнайы шешім шығарды. Оған сәйкес, көпшіліктің назарына ілінген оқиғаның қатысушысы, Түркістан облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалықұлға «атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Абылайхан Наурызбаев, ҚР МҚІА Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы:
Мемлекеттік қызметшіге өзінің лауазымына байланысты белгілі бір жауапкершілік жүктелген. Қызметте емес, қызметтен тыс уақытта да ол масаң күйде қоғамда жүрмеу, біреудің денесіне зақым келтірмеу, бұл мемлекеттік қызметке сай келмейтін қызметтің бір қағидаттарына, принциптеріне сәйкес келмейтін әрекеттер.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05