Киік мүйізін шетелге сатуға рұқсат берілді
Қазақстан киік мүйізін шетелге сатуға ресми түрде рұқсат алды. Мұндай шешім Өзбекстанда өткен Жойылып бара жатқан жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның 20-шы конференциясында қабылданды. Бұған дейін елімізге киік мүйізін экспорттауға нөлдік квота қолданылып, халықаралық нарыққа шығаруға тыйым салынған еді. Ауқымды шараға Қазақстан делегациясы осы шектеуді алып тастап, мүйізді заңды әрі бақылаумен сатуға рұқсат алу мақсатында барды. Экология және табиғи ресурстар министрІ Ерлан Нысанбаевтың басшылығымен құрылған делегацияның ұсынысын 118 елдің 111-і қолдап дауыс берген. Жиынның жабылу рәсімінде конвенцияның бас хатшысы Ивонн Игуэро Қазақстанның киікті қорғау бағытындағы жұмысына оң баға беріп, елдің жетістігін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы