Д. Кушнердің Мәскеу сапары: Нәтиже қандай?
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен бейбіт келісімге келу бойынша жұмыс істеп жатқан өз елінің және АҚШ делегациясымен телефонмен сөйлескен.
Украина делегациясын Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі кеңес жетекшісі Рустем Өмеров басқарады, қасында Украина қорғаныс күштері Бас штабының бастығы Андрей Гнатов бар. Олар Майамиде АҚШ өкілдерімен бірнеше күн болды, келіссөздер жүргізіп жатыр. АҚШ өкілдері деген - Д.Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен күйеу баласы Джаред Кушнер екенін білесіздер.
«Ұзақ және мазмұнды әңгіме болды» деп сипатталады. Алайда соңғы апталардағы «бейбітшілік келіссөздеріне» өте скептик қарайтын сарапшылар бар.
Ресейге қайта-қайта барып, чебуректі ұнатып қалған арнайы өкіл Уиткофф пен Трамптың ресми қызметі болмаса да, өте ықпалды күйеу баласы Кушнердің апта басындағы Мәскеу сапарында олар да Кремльде бірнеше сағат болған. Иә, «нәтиже шықпай жатыр» демейді. Ал Мәскеу «негізгі бағыттар бойынша мәмілеге келе алмадық» деді.
Ал оның алдында В.Путин Еуропамен соғысуға қазір дайынбыз деген. Мәскеу Украинаның Донецк және Луганск аймағынан кетуін талап етіп отыр. Және талаптары жалғыз ол емес екені түсінікті. АҚШ бұл келісімдерден Еуропаны бейнелеп айтқанда «ысырып тастағаны» мәлім.
Бірақ Украинаға бар көмекті беріп отырған - Еуропа. Дегенмен олар да ақшаны қайдан аларын білмей дал. Дәл қазір «бейбітшілік келіссөздерінің» үзіліп қалмағаны маңызды. Алайда «челнок дипломатиясына» аса бір сенім жоқ. Соғыстың тоқтағанына соншалықты мүдделі болсақ та, «имитация» деп ойлауға факт көп...
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттарға қатысты жаңа ереже енгізіледі
03.04.2026, 20:14