Лондон әуежайында белгісіз біреулер газ шашып, жолаушылар зардап шекті
Лондонның Хитроу әуежайында белгісіз біреулер бұрышты газ шашып, 21 адам зардап шекті. Олардың бесеуі ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің арасында 3 жасар бала бар.
Оқиға 3-терминалдың көпқабатты автотұрағында болған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, төрт адам жедел саты жанында тұрған жолаушы әйелдің чемоданын қолды қылмақ болып, газ шашқан. Жедел іздестірудің нәтижесінде 31 жастағы ер адам тұтқындалды, ал қалған үш күдікті оқиға орнынан бой тасалап үлгерген.
Оқиға террористік әрекет деп бағаланбады. Бірақ әуежай қызметінде іркіліс пайда болып, пойыздар тоқтап қалды, автотұрақ уақытша жабылды.
Том Бэйт, жолаушы:
Халық жөтеле жөнелді. Бастапқыда бірлі-жарымы, кейін бәріміз қиналып кеттік. Тамағым өртеніп, өзімді қоярға жер таппадым.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28