Ұлыбританияда тұмау жұқтырғандар 56%-ға артып кетті
Ұлыбританияда тұмау өршіп, ауруханаға жатқызылған науқастар саны күрт өсті. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда вирусты жұқтырғандар 56%-ға бірақ артқан. Медицина мамандары бұрын соңды болмаған H3N2 штамын қоздыратын өте қауіпті вирус биыл қыста өршуі мүмкін деп ескертеді. Штамм эволюцияға ұшырап, жаңа мутациялар пайда болып жатыр дейді ғалымдар. Бұл вирус қарттарға, балалар мен жүкті әйелдерге және созылмалы ауруы бар адамдарға қиын болмақ. Денсаулық сақтау қызметкерлері ауруды жұқтырып алмау үшін мүмкіндігінше тезірек тұмауға қарсы екпе салдыру қажеттігін және гигиенаны сақтау керектігін айтып жатыр.
Джейми Лопес Бернал, Ұлыбритания денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің эпидиемиолог кеңесшісі:
Жаңа штамм әдеттегіден жылдамырақ тарап жатыр. Ол тезірек мутацияға ұшырап, халықтың иммунитеті инфекциялық вирусқа төтеп бере алмауда.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15