Мемлекет басшысы Палестина Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақты дамыту жайын талқылады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қос халық үшін екі мемлекет» формуласына сүйене отырып, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған жаһандық әрекеттерді қолдайтынын жеткізді. Ал Махмұд Аббас халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, еліміздің әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббасты өзіне қолайлы уақытта Астанаға сапармен келуге шақырды.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04