Басты Жаңалықтар ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды

ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды

ЛГБТ насихаты жастардың санасын улап, ұлт құндылықтарына кері әсер етеді. Қоғам белсенділері Алматыда өткен жиында осылай деді. Қазір осы мәселеге қатысты заң жобасы Сенаттың қарауында жатыр.

ЛГБТ насихаты жастар болмысына зиян тигізіп, қоғамнан оқшаулауға әкелуі мүмкін. Сарапшылардың дерегінше, мұндай контенттің 64 пайызы әлеуметтік желілерде таралады. Сондықтан қоғам белсенділері ЛГБТ насихатын шектеу туралы заңның өзекті екенін айтады.

Әбу Мұхаммед, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі:

12-18 жастағы балалар мен «кіммін?» деген сұраққа жауап іздейді. Ол  болашақта рухы биік, мықты өсетін азамат болып шығуы керек. Сол үшін мұндай кері факторларға тыйым салу қажет.

ЛГБТ насихатын шектеу туралы заң жобасы Сенат қарауында жатыр. Егер құжат қабылданса, әлеуметтік желілер мен медиаға қойылатын талаптар күшейеді.

Бағдат Амандосұлы, заңгер:

Қылмыстық кодексте бұл әлі талқыланып жатыр. Дегенмен, әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Алдымен, айыппұл 20 АЕК деп есептеліп отыр. Егер сол бір жылдың ішінде қайталанса 20 тәулікке қамауға болады.

Осыған ұқсас заң жобалары бірқатар елде қабылданған. Ресейде мұндай тыйым 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Мажарстан 2021 жылы балаларды гомосексуализм мен жыныс ауыстыруды насихаттайтын контенттен қорғау туралы заң қабылдады.

Бағила Балтабаева, қоғам белсендісі:

Мемлекеттік ішкі саясаты, яғни өзінің отбасылық құндылығын бірінші орынға қойып, қорғауға міндетті. Сондықтан ешқандай халықаралық конвенция, факттерге қарсы емес, қайшы келмейді.

Мамандардың айтуынша, заң жобасы азаматтардың құқығын шектемейді. Тек жастар арасында ЛГБТ насихатының таралуына тоқтау салып, ұлттық құндылықтардың сақталуына сеп болады.


Бөлісу