Басты Жаңалықтар Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда

Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда

Ел бойынша ең арзан сиыр еті Батыс қазақстанда. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев аймақ өзін етпен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа өңірлерге де жіберетінін айтты. Мұндағы ірі қара етінің бағасы Республикалық орташа бағадан шамамен 200 теңгеге төмен. Жалпы өңірде ауыл шаруашылығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Биылдың өзінде құны 15,4 млрд теңге болатын 18 жоба жүзеге асырыла бастаған. 2027 жылға дейін тағы 54 инвестициялық жоба қолға алынбақ. Осылайша салада 870 жаңа жұмыс орны ашылады. Облыста жол жөндеу, өңдеу өнеркәсібі, көші қон, білім және басқа да салаларды дамытуға ерекше басымдық беріліп келеді деді Нариман Төреғалиев.

Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі:

Биыл да экономиканың тұрақты өсімі сақталуда. Атап айтқанда, құрылыс саласындағы жұмыстар көлемі 9%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 4,1%-ға артып, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2%-ға өсті. Облыс бюджеті 4,4 трлн теңгеден 4,7  трлн теңгеге немесе 6,5%-ға өсті. Мемлекеттік бюджетке 1,6 трлн теңге түсті, оның ішінде 597 млрд теңге жергілікті бюджетке, ал  990 млрд теңге республикалық бюджетке бағытталды. Сонымен қатар, Ұлттық қорға 2,8 трлн теңге аударылды.

Батыс Қазақстандағы жол апаты: Кінәлі жүргізуші сараптама арқылы анықталады

Нариман Төреғалив 17 қарашада 8 адам қаза тапқан ірі жол апаты туралы да түсініктеме берді. Арнайы құрылған комиссия тергеу тексеру жұмыстарына толық бақылау жүргізіп жатыр. Әзірге белгілісі жол тегіс, ауа райы ашық болған. Бірнеше сараптама белгіленді. Нәтижесінде кінәлі тарап анықталады. Өкінішке қарай 2 көліктің жүргізушісі де оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен отбасыларға жан жақты көмек көрсетілді, - деді ол.


Бөлісу