Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
Астанада стоматологияда көз жұмған үш жастағы Зере Есентайға қатысты іс бойынша кезекті сот процесі өтті. Судья анестезиолог Аида Жұмағалиевадан жауап алды. Дәрігер өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын жеткізді. Ол процедураға бірнеше күн қалғанда бүлдіршіннің анализдерін тексеріп алғанын айтады. Кейін анасымен телефон арқылы сөйлесіп, баланың бұған дейін тұмауратқанын естіген. Бірақ процедура өтетін күні Зеренің жағдайы жақсы болды, жөтел, басқа да ауру белгілері байқалмады, дейді Аида Жұмағалиева. Бұдан бөлек ол сот-мединалық сараптаманың нәтижесімен келіспейтінін айтты. Сараптама кезінде баланың жүрегі, өкпесі толық қаралмады деп есептейді. Еске салсақ, өткен сот процесінде сарапшы Олег Разумов процедура аяқталғанына қарамастан, анестезиологтың «Севоран» препаратын бала оянғаннан кейін де сала бергенін айтқан еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы