Басты Жаңалықтар Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты

Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты

Қызылорда облысында жыл басынан бері «Отбасы банк» арқылы 2500-ге жуық адам жаңа баспанаға қол жеткізген. Банктің аймақтық филиалында бүгінде жинақ шотын ашқан салымшылардың саны 100 мыңнан асты. Осыған орай, қала орталығында «Оtbasy fest» форумы өтті. 

«Отбасы банк» елімізде қол жетімді тұрғын үй бағдарламасын ұсынатын бірден-бір қаржы ұйымы. Банк тарапынан салымшылар үшін тиімді пайыздық мөлшерлеме қаралған. Ол үшін жинақ шотын ашқан салымшылар кемі 6 ай қаржы құйып, баспана алу мүмкіндігіне ие болады.

Жанар Несіпбаева, салымшы:

«Отбасы банк» арқылы 50/50 бағдарламасымен балама үй алып жатырмыз. Бұл бағдарлама өте жақсы, қолайлы бағдарлама. Қарапайым халыққа тиімді бағдарламалары көп.

Ашық диалог алаңында форумға қатысушыларға «Отбасы банк» менеджерлері түрлі мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тетіктерін түсіндіріп, Сырдарияның сол жағалауынан салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешендерін таныстырды. Сондай-ақ, биыл екінші жыл қатарынан өңірлік «Сыр жастары» бағдарламасымен желтоқсан айында 100 пәтерлік тұрғын үй берілмек.   

Дастан Тасыбаев, «Отбасы банк» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары:

Қазіргі таңда бізде мемлекеттік бағдарламалар жүріп жатыр. Және де «Наурыз» бағдарламасы жүріп жатыр. Сонымен қоса, өңірлік «Сыр жастары» бағдарламасы бойынша үй беру жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы аймақта соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жаңа баспаналардың басым бөлігі «Отбасы банк» салымшыларының үлесіне тиесілі. Форум аясында қаржы ұйымының тиімді ұсыныстары айтылып қана қоймай, қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Бөлісу