Қостанайда ҚХА І республикалық студенттік форумы өтіп жатыр
Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясының І республикалық студенттік форумы өтіп жатыр. Этносаралық татулықты дәріптейтін жастардың мұндай ауқымды шарада бұл алғаш басқосуы. Толығырақ өңірдегі тілшіміз Мәдина Нағашыбайдан білсек.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Бүгінгі алаңда талқыланатын басты тақырып – қоғамдағы келісім мен мызғымас бірлікті нығайту. Бұл мақсатты іске асыру үшін жастардың рөлін күшейтіп, мүмкіндіктерін арттыру керек. Сондықтан бүгінде елімізде жүзден астам студенттік ассамблея жұмыс істейді. Бүгінгі шараға жастар ұйымынан өңір-өңірден 60-тан аса қатысушы жиналды. Олар шара барысында көшбасшылық және мәдениетаралық коммуникация бойынша шеберлік сыныптарына қатысып, түрлі жобаларға инвестициялар тарту жолдарын талқыламақ.
Сондай-ақ шараға арнайы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары
Марат Әзілханов келіп, студенттермен жүздесті. Кейін қаладағы өзге де студенттер ассамблеясының жұмысымен танысады.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06