Павлодар облысында бір реттік көмекті көбі алмаған
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданында бір реттік көмек алуы тиіс 750 адамның тек 40-ы ғана тиісті жәрдем алған. Мәселен тұрғындардың кейбірі қыстық отын алуға мемлекеттен көмек берілетінін мүлдем білмейтін болып шықты. 78 мың теңге көлеміндегі бұл қаржы мүгедек жандар және көпбалалы аз қамтылған отбасыларға табысы жан басына шаққанда айлық күнкөріс мөлшерінен аспаған жағдайда беріледі. Дария Қуатова, көпбалалы ана:
Көмірге деген бір реттік жәрдемақы берілуге тиіс екендігін бірінші рет естіп
тұрмын. 2014 жылдан бастап көп балалы ана болып саналамын. Бірақ ондай көмекті
бір ретте алып көрмегенмін.
Қазір ауданда әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс адамдардың әл-ауқаты сараланып
жатыр. Мәселен бір үйде бірнеше мүгедек жан немесе жұмыссыз отырған адам болуы
мүмкін. Олар бір отбасы болып есептелінеді және бас-басына төлем жүргізілмейді.
Саяуыш Сәдуақасов, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары:
750 адам десек, осы категорияға жататын, мүмкін отбасыға шаққанда олардың саны 500-ге түсуі мүмкін. Аудан бойынша қанша отбасы әлеуметтік 1 реттік көмекті алуға құқығы бар, сол отбасылардың санын есептеп келесі жылға жоспарлаймыз оны.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06