Жамбыл облысында 30 мектеп 40 жыл жөнделмеген
Жамбылда 30-ға жуық мектептің тозығы жетіп тұр. Білім ошақтарының басым көпшілігі 40 жылдан бері жөндеу көрмеген.
Биыл өңір бойынша 26 білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның 14-і жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек. Соның есебінен апатты және үш ауысымда оқитын, орын тапшылығы бар мектептердің мәселесі шешілмек. Ал күні кеше балалары сыныпқа сыймайтын №15-ші мектеп гимназияда жапсарлас нысан құрылысы аяқталды. Бұған дейін 550 орынға арналған ескі ғимаратта 800 бала сығылысып оқуға мәжбүр еді.
Шолпан Есенәлиева, №15 мектеп-гимназияның директоры:
Ескі ғимаратта асхана медициналық кабинет сыртта болатын және спорт зал санитарлық талапқа сай емес болатын. Ал енді қазіргі таңда мына жаңа ғимаратта бізде санитарлық талапқа сай үлкен спорт залымыз бар. Сонымен қоса 80 балаға арналған асхана және медициналық кабинет барлықтары түгел жабдықталған.
Қазір аймақта 24 білім ошағы жөнделіп жатыр. Келесі жылы да ескірген 26 мектеп жаңғыртылады. Сондай-ақ 4 жаңа мектеп бой көтеріп, 8 жапсарлас құрылыс салынбақ. Ал осы айдың соңында «Шөлдала» тұрғын алабында аймақтағы 7-ші «Келешек мектеп» ашылады.
Ләззат Қызылқұлова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
«1300 мектепті жаңғырту бағдарламасы» аясында облыс бойынша 2025 жылы 10 мектепте жаңарту жұмыстары жүргізіліп, пәндік кабинеттер мен қажетті жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар 6 білім нысанында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 3 білім нысанында күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 2 білім нысанында күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы