Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында күн электр станциясы іске қосылды

Маңғыстау облысында күн электр станциясы іске қосылды

Маңғыстауда жылына 90 гигаватқа жуық тоқ көзін өндіретін күн электр станциясы іске қосылды.  Бұл аймақта жүзеге асырылып жатқан гибридті электр станцияның бір бөлігі ғана. Одан бөлек, газ және жел электр станциялары ашылады.  Жобаның арқасында жергілікті өндірісті тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ.

Гибридті электр станциясы Жаңаөзен қаласының аумағында орналасқан. Жоба күн, жел және газ электр станцияларынан тұрады. Бүгінде соның біріншісі, күніне 50 мегават электр қуатын өндіруге қауқарлы күн электр станциясы іске қосылды. Алғашқы өнім мұнай және газ өндіруші мекемелерге жіберілген.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Станцияда 82 мыңға жуық күн батареясы бар. Олар арқылы күніне шамамен 280-300 мың киловат сағат электр қуаты өндіріледі. Бұл батареялар жасыл энергетикадағы заманауи технологиялармен жабдықталған. 
Күн батареяларына жаңа технологияға сәйкес, арнайы қондырғы орнатылған. Ол панельдерді күннің бағытына қарай бұрып тұрады. Мұхтар Мәтжанов осы қондырғылардың жұмысын бақылап, қажет болса жедел техникалық қызмет көрсетеді. Тәжірибелі маман бұған дейін, аймақта газтурбиналы электр станциясын іске қосуға жетікшілік еткен.
Мұхтар Мәтжанов, күн электр станциясы техникалық қызмет көрсету тобының жетекшісі:
Бұның ерекшелігі – енді бұл бұрын ескі технологияда газбен, көмірмен соларды жағу арқылы электр энергиясын өндіреді ғой. Ол кезде көп выбростар экологияның бұзылуына алып келеді. Ал мына қазіргі технология күн электр энергиясын пайдаланып, энергиясын өндіру. Бұл жерде ешқандай зиянды экология жағынан тастандылар шықпайды. Екіншіден, бұл қазіргі программа жасыл энергетиканы дамытудың бір бастамасы деп есептесек болады.  
Станцияда өндіріс көлемі күннің энергиясына байланысты. Сондықтан жазда толық қуатымен күніне 50 мегават ток өндіріледі деген жоспар бар. Қазір нысанда жаңаөзендік 14 адам еңбек етуде. 
Гибридті электр станцияның екінші кезеңі – газ электр станциясының құрылысы жүріп жатыр.

Гибридті электр станцияның екінші кезеңі – газ электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Ал жел электр станция келесі жылы бой көтермек. 

Бөлісу