Мемлекеттік кеңесші «Адал азамат» бағдарламасы жөнінде жиын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде жиын өтті. Кездесуде білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мәселесі көтерілді. Ерлан Қарин жобаның барлық мектепті, оның ішінде жекеменшік білім орындарын да қамтуы керек екенін айтты. Ведомстволар арасындағы байланыс пен ұстаздарды әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу тәрбие жұмысының сапасын арттырады. Сондай-ақ бұл іске ата-аналар қауымдастығын жұмылдыру маңызды. Жиын соңында Мемлекеттік Кеңесші Оқу-ағарту министрлігіне аталған міндеттерді ұтымды ұйымдастыру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04