«WorldSkills Kazakhstan 2025»: Жеңімпаздар марапатталды
«WorldSkills Kazakhstan 2025» Республикалық чемпионатының биылғы жеңімпаздары марапатталды. Еліміздің әр өңірінен келген қатысушылар 6 күн бойы жұмысшы мамандыққа сай кәсіби біліктіліктерін дәлелдеді.
Айжан Иманғали, тілші:
Дәл қазір біз «WorldSkills Kazakhstan 2025» 10-шы мерейтойлық республикалық чемпионатының қорытынды сәтіне куә болып тұрмыз. Оған қатысуға 800-ден кастам жұмысшы мамандық иесі ниет білдірді. Олар өздерінің батылдықтарын, нағыз кәсіби маман екендерін дәлелдеуге осында келді. Үздіктері қазір марапатталады.
Айта кетейік, қатысушылардың 300-і студент. Оларды қазірдің өзінде 200-ден
астам жұмыс беруші жұмысқа қабылдауға ниет білдірген.
Қатысушылар кәсіби дағдыларын дәлелдеуден бөлек, физикалық және психологиялық
дайындық, жылдамдық критерийлері бойынша бағаланды. Үздіктер арасында құрылыс
және сылақ жұмыстары, плита төсеу сияқты нарықта ауадай қажет мамандық иелері бар.
Қарағанды обылысынан келген Нұрсұлтан Әбдумәжітов келешекте құрылыс саласын
дамытуды армандайды.
Нұрсұлтан Әбдумәжітов, «Кірпіш қалау» номинациясының жеңімпазы:
Қазірдің өзінде мені көп жерлер жұмысқа шақырып жатыр. Менің ойымша осы мамандықтарды таңдау керек, ол біздің Қазақстанымызға өте керек мамандықтар. Және жұмысшы мамандық жылына орай осы мамандықты көбейтуіміз керек.
Олжас Мамырбаев, жұмыс беруші:
Осы жылы біз 700-ден астам түлекті жұмысқа алдық, мамандықтарды алсақ, бізге
көбінесе тау-кен металлургия саласы бойынша жұмысшы мамандықтар қажет. Слесарьлар,
токарь ісі бойынша, геодезия, обогощение және тағы басқа мамандар керек.
Биылғы додада дәнекерлеуші, слесарьдан бөлек локомативті басқару, ІТ бағытында
киберқауіпсіздікті арттыру, дрондарды басқару, мұздатқыш-салқындатқыш
қондырғыларын орнату сияқты жаңа бағыттарға басымдық берілді. Еліміздегі еңбек
нарығында білікті әрі жұмысшы мамандар әлі тапшы.
Санжар Тәтібеков, «WorldSkills Kazakhstan 2025» чемпионатын ұйымдастырушы:
2030 жылға дейін 1 миллион 600 мың мамандық керек. Бізде жылда шамамен колледждерден 150 мың адам түлеп ұшады. Яғни 300-400 мың адам әлі де жеткіліксіз деп есептеуге болады.
Биылғы чемпионатта 150 жас маман жүлделі орындарға ие болды. Транспорт және
логистика, агроөнеркәсіп, энергетика, айти саласы бойынша үздік деп танылған
30-дан астам қатысушы келер жылы Қытайда өтетін «WorldSkills Шанхай 2026»
халықаралық чемпионатына қатысады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00