Еліміздегі жолдар пилотсыз көліктерге бейімделіп жатыр
Қазақстанда жолдар пилотсыз көліктерге бейімделіп жатыр. Яғни тізгінді жүргізуші басқармайтын, өздігінен қатынайтын темір тұлпарлардың дәуірі алыс емес. Бүгін Үкіметте көлік-транзит саласының өзекті мәселелері талқыланды. Министр Нұрлан Сауранбаев, «e-Joldar» платформасының аясында тас жолдардың цифрлық паспорттары жасалып жатқанын айтты. Оның сөзінше, 2027 жылы алғашқы пилотсыз жүк көліктерін іске қосу жоспарда бар. Заңға өзгерістер әзірленіп жатыр. Дегенмен алғашқы кезеңде қауіпсіздік мақсатында бәрібір жүргізуші қадағалап отырады. Сонымен қатар салаға жаппай жасанды интеллект технологиялары енгізілмек. Ол үшін арнайы цифрлық трансформация картасы әзірленді. Оған сәйкес 2027 жылға дейін 10 халықаралық әуежайда биометриялық сәйкестендіру іске қосылмақ. Теміржол бағыттарының 55%-на интеллектуалды жүйелер енгізіледі. Салаларды цифрлық трансформациялау нәтижесі автожолдардың өткізу қабілетін 20%-ға арттырады. Ал жүк көліктерінің кеденнен өту уақыты 10 минутқа дейін қысқарады дейді жауапты министрлік.
Нұрлан Сауранбаев, ҚР Көлік министрі:
Жыл сайын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жол диагностикасы жүргізіледі. Жол төсемін сақтау үшін 220 бірлікке дейін автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жалғасуда. Қазіргі таңда оның 21 бірлігі іске қосылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы