ЕуроОдақ Қазақстаннан аса маңызды шикізат түрлерін алуға мүдделі
Брюссельде «Қазақстан – Еуропалық Одақ Жаһандық қақпа» деп аталатын жаңа платформа жұмысын бастады. Бельгияның Левен университетінің магистрі, қазақстандық Уәлихан Бахретдинов құрған жаңа алаңның мақсаты - ЕуроОдақ пен Қазақстан арасындағы саяси диалогты, экономикалық, мәдени гуманитарлық байланысты нығайтуға күш салу. Жаңа алаңның тұсаукесеріне жиналғандар ЕуроОдақ пен Қазақстанның аса маңызды шикізат материалдары бойынша ынтымақтастығын талқылады. Жасыл энергияны дамытуды көздеген Еуропа елдері сирек кездесетін металл кеніне зәру. Оларға қажетті 34 металдың 21-і қазір Қазақстанда өндіріледі.
Сайран Байжаханов, ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің ЕуроОдақ жанындағы өкілі:
Біз Еуропа нарығына оларға қажетті 34 металдың 21-ін тасымалдай аламыз. Тағы қосымша 13 металды жеткізуге арналған ресурстық базамыз бар. Қазақстан маңызды металдарға арналған қойма қорын құруда ЕуроОдақтың сенімді серіктесі бола алады. Біздің мақсатымыз - тек шикізат сату емес, суперқорытпалар мен олардан жасалған өнімдерді өндіру. ЕуроОдақтан бізге керегі технология мен инвестиция.
Питер Том Джонс, KU Leuven тұрақты металдар мен минералдар институтының директоры:
Бізге жасыл технологияны дамыту үшін жел турбиналары, электромобильдер, литий-ионды батареялар, күн панельдерін жасауға көптеген маңызды метал қажет. Осы ретте ЕуроОдақ пен Қазақстанның өзара тиімді іскерлікті арттыруы құптарлық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы