Қазақстан мен Түркия университеттері ЖИ саласында ынтымақты арттырады
Қазақстан мен Түркия университеттері жасанды интеллектіні дамыту және зерттеуге байланысты ортақ жобаларды қолға алуы қажет. Ыстанбұл қаласында түркиялық жоғары оқу орындары басшыларының қатысуымен өткен жиында студенттерге заманауи білім беру жайы талқыланды. Түрік ғалымдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ғылым мен технологияны дамытудың жаңа тетіктері туралы айтылғанын ерекше атап өтті. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл қатысушыларға Жолдаудың негізгі бағыттарын таныстырып, білім беру және әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалардың нәтижелерін баяндады. Басқосуда екі ел арасында білім беру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақты одан әрі дамыту тетіктері де талқыланды.
Ахмет Жеват Ажар, Сабахаттин Заим атындағы университеттің ректоры:
Бауырлас Түркия мен Қазақстан арасында әр салада ынтымағымыз тереңдеп келе жатқанына қуанамыз. Бұл екі ел үшін де өте пайдалы. Оның ішінде білім беру саласында, университеттер арасындағы қарым-қатынастардың болашағымыз үшін берері мол. Себебі білімді жастардың көбеюі еліміздің дамуы үшін өте маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы