Жетісу облысында жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші анықталды
Жетісу облысында жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші ұсталды. Оның айыппұл сомасы 1 миллион теңгеден асқан. Қазір көлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды. Полицияның мәліметінше, «Қауіпті жүргізуші» жедел алдын алу шарасы кезінде анықталған азамат жыл басынан бері Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары аумағында бірнеше рет жылдамдықты асырып, тыйым салынған жерге тоқтаған. Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жол белгілерін елемеген. Құқық қорғаушылар айыппұлды өндіруді және мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу шараларын жалғастырып жатыр.
Жанар Халықова, Жетісу облысы ПД ресми өкілі:
Жиынтық айыппұлдарының көп мөлшерде анықталуына байланысты 4 автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Оның ішінде бір жүргізушінің төленбеген айыппұл соммасы 1 млн теңгеден асқаны белгілі болды. Осы тұрғыда жүргізушілер арасында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үздіксіз ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15