Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Сенбілік Қаратау ауданындағы көпқабатты үйлердің ауласында жалғасты. Шараға «Жастар рухы» жастар қанаты, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер мен қала тұрғындары қатысып белсенділік танытты. 100-ге жуық адам арық-атызды қалдықтан тазартып, қураған ағаштарды, шөптерді қырқып, ауланы сыпырып ретке келтірді. Мұндай тазалық жұмыстары жыл басынан бері 50-рет ұйымдастырылып, нәтижесінде 47 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Жалпы, атаулы акцияға 4 мыңға жуық азамат атсалысқан.
Ербол Байқонысов, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының
орынбасары:
Бүгінгі күнге дейін, яғни қаламызда 50-мәрте өткізіліп жатыр. 47 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бұл жалғасын табады. Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын тазалықты сақтауға шақырамыз. Өйткені Шымкент қаласы экологиялық таза Шымқалаға айналуы керек деп есептейміз.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02