Түркияда да интернет-алаяқтар көбейіп кеткен
Түркияда кейінгі жылдары алаяқтық қылмыстары көбейіп барады. Әсіресе телефон арқылы алдау кең тараған. Сондықтан тиісті органдар алаяқтарды анықтау үшін ай сайын арнайы рейдтер ұйымдастырады. Өткен аптада осындай тексеру кезінде онлайн алаяқтық жасаған 346 адам анықталып, ұсталды. Алайда мамандар алаяқтық қылмыстарға қатысты заңды қайта қарап, жазаны күшейту қажет дейді. Себебі қазіргі қылмыстық кодекс бойынша алаяқтық жасаған қылмыскерлерге кесілетін жазаның ең ауыры бес жыл бас бостандығынан айыру. Дегенмен көп жағдайда алаяқтар тек айыппұл төлеумен құтылады.
Ферман Демиркол, заңгер:
Көбіне қарапайым халық, яғни интернеттен хабары жоқ адамдар алданады. Ақпараттың рас-өтірігін зерделемей жатып ақшасын бере салады. Сіз көлік, пәтер сияқты қомақты дүние ұттыңыз, оны алу үшін осынша ақша жіберіңіз деген өтірікке сенеді. Ал сол алаяқтар көбіне айыппұлмен ғана құтылады. Ең қатты жазаның өзі бес жылға дейін бас бостандығынан айыру. Бұл аз. Сондықтан заңды күшейту қажет.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03