Абай облысында малды ЖИ бағуы мүмкін
Жасанды интеллект көмегімен енді мал жайылымнан өзі қайтады. Ал диқандар егістік алқаптағы арам шөптерді лазермен жояды. Семейде AI-Sana ұлттық бағдарламасы аясында өткен аграрлық саланы дамыту байқауында осы сынды жобалар таныстырылды. ІТ саласын меңгерген жастар ауыл шаруашылығында заманауи тәсілдерді қолданып дамыту жолдарын ұсынды. Сайысқа Қазақстанның әр аймағынан келген 50 студент пен жас зерттеуші қатысып, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға арналған идеяларын таныстырды. Таланттар 50 сағатқа жуық үздіксіз жұмыс істеп, егін және мал шаруашылығында қауіпсіздікті күшейту, өндіріс үдерістерін оңтайландыру жобаларын әзірледі. Аграрлық секторға заманауи технологиялар мен тың шешімдерді енгізуді көздейтін байқауда мықтылар марапатталды. Озық шыққан бағдарламалар отандық компанияларға ұсынылып, қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Диас Бидахметов, байқауға қатысушы:
Мамандар біздің алдымызда тапсырмалар көрсетті. Өздерінің қызығушылықтарын танытты. Олардың сөздеріне қарасақ қазіргі жасанды интеллектке бас назар аударып отыр. Өйткені ЖИ жалпы өнеркәсіпті автоматтандырып процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы