Оралда еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді
Оралда Тәуелсіз елдің тұғырын бекемдеуге үлес қосқан еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді. Қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебаев Сыр елінің тумасы. Ақжайық өңіріне жарты ғасыр бұрын көшіп келіп, еңбек етті. Облыс орталығы мен Бөрлі ауданында өндіріс пен құрылыс саласында, кейін басшылық қызметте болды. Сыр мен Жайықты тел емген ардагер қоғамдық қызметке белсене араласты. Ұзақ жылдар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болды. Кейін зейнетке шыққан кезде «Зерде-Память» қоғамдық қорын құрып, үйінен руханият музейін ашты. «Өнеге» атты кітап-жинағын шығарды.
Қуанышбай Төлебаев, қоғам қайраткері:
Қазақ елінің бұл ғасырда аңсаған, армандаған мақсаты – егемендік пен Тәуелсіздікке жеткеніне ризамын. Осы бүгінгі өмірдің жақсылығы мен жарасымдылығын жастарға, мектепке барып, біз – ардагерлер, айтуымыз керек.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04