БҚО-да 169 кәсіпкер жазаланды
Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтерген 169 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Саудагерлер бірінші қажеттіліктегі азық-түлікке 15%-дан жоғары сауда үстемесін қосқан. Заңбұзушылықтар өңірлік комиссия жүргізген тексеріс кезінде анықталды. Одан бөлек Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары сауда орындарына бақылау жасап, 192 кәсіпкерге әкімшілік іс қозғады. Атап айтқанда, азық-түлік бағасын көрсетпей өткізу, сөредегі мен кассадағы бағаның сәйкес келмеуі, басқа да деректер бойынша хаттамалар толтырылған. Департаментке тұтынушылардан мыңға жуық жазбаша өтініш түскен. Осылайша мамандар тұрғындарға 68 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты қайтаруға көмектескен.
Эльмира Қиматова, БҚО сауда және тұтынушы құқығын қорғау департаментінің басшысы:
«Сауданы реттеу туралы» заңының 9-бабына сәйкес саудагер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын сатқанда сауда үстемесінің мөлшерін 15%-дан асырмауы керек. Департамент мұндай сауда обьектілеріне 85 ескерту беріп, 84 жағдайда айыппұл салды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы