БҚО-да елік атқандар ұсталды
Батыс Қазақстан облысында сирек жануарларды атып алған браконьерлер ұсталды. Облыстық табиғат қорғау полициясы мен Теректі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру кезінде жеңіл көліктен екі аңшы мылтығы мен төрт еліктің етін тапқан. Көлікте 4 адам болған. Заңсыз аңшылық құрған күдіктілердің заттай айғақтары тәркіленді. Оқиға Шағатай ауылдық округінің орман алқабын күзету кезінде анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Өңірде «Киік» акциясы жалғасып жатыр. Он күнде 23 әкімшілік және бір қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17