Басты Жаңалықтар Ауаны бұзған 21 мың алматылық ₸639 млн айыппұл арқалады

Ауаны бұзған 21 мың алматылық ₸639 млн айыппұл арқалады

Алматыда ауаны ластаған 21 мыңнан аса көлік иесіне жалпы сомасы 639 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Тексеріс кезінде автокөлік шығарындылары белгіленген мөлшерден артық болып шыққан. Биыл мамандар жылжымалы және стационарлы экологиялық бекеттерде 207 мыңнан астам тексеріс жүргізген. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Мамандар: «Қала атмосферасына жылына шамамен 189 мың тонна зиянды зат шығарылады. Оның 112 мыңы көліктен бөлінеді», - дейді. Ал «Қазгидромет» мәліметінше, биыл ауа сапасын тексеру кезінде азот диоксиді мөлшерден асқан 12 мыңнан астам жағдай тіркелген. Сарапшылар мұны шаһардағы көлік санының көптігімен және олардың басым бөлігінің экологиялық стандарттарға сай келмеуімен байланыстырып отыр.

Айдана Қасен, «Eco Almaty» ЖШС департамент басшысы:

Қала бойынша 19 пост 4 жылжымалы экологиялық зертхана бар. Экологиялық пост стационарлы күніне кемінде 800 көлікті тексеруі керек. Қазіргі таңда айыппұлдың мөлшері 10 АЕК жеке тұлғаларға.  Егер де екінші реттік нормадан асу фактісі бір жылдың ішінде анықталатын болса, ол 20 АЕК немесе мемлекеттік номерлерін алып, келесі нормаға келтіруге дейін номері полицияда болады.


Бөлісу