Күштік құрылымдар арасында кибертурнир басталды
Күштік құрылымдар арасында кибертурнир басталды. Екі күндік сайыс Мемлекеттік күзет қызметі ұйымдастырған Cyber Challenge Kazakhstan форумы аясында өтіп жатыр. Жиында саланың өзекті мәселелері талқыланатын пікірталас алаңы да құрылды. Кибертурнирге барлығы 10 команда қатысып жатыр. Мақсат – қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттырып, командалық жұмысты нығайтып, ақпарат кеңістігіндегі келеңсіздіктерге дайындау. Жарыста қатысушылар түрлі қиындықты еңсеру керек. Ең алдымен командалар қала инфрақұрылымына жасалатын кибершабуылдарды шешуге тырысады. Кейін қаржы секторының күрделі қауіптеріне қарсы тұруы қажет.
Диас Ахмедин, ұйымдастырушы:
Бүгінгі турнирге арнайы күрделі тапсырмалар дайындалды. Біз еліміздің кибершабуылдарға дайын екенін және бізде мықты мамандардың бар екенін көрсеткіміз келеді. Себебі бұл сайысқа қатысып жатқандар күштік құрылымдардың өте мықты мамандары.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17